АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джэймс Джонс Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, ядролық арсеналдарды қысқарту жөнінде және Иран туралы келіссөздер өткізді. Лавров бұл сапар өз уақытында болды деп мәлімдеді. Джонстың айтуынша, екі жақ екі ел арасындағы бірқатар мәселелерді талқылаған.
Джонс сондай-ақ ресейлік әріптесі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездеспек.
АҚШ пен Ресей ресмилері Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімді жаңартуды көздеп отыр. Бұл келісімнің мерзімі желтоқсан айында аяқталады.