Accessibility links

Иран ядролық келісімнің зерттелуін қалайды


Сыртқы істер министрі Манучехр Моттакидің мәлімдеуінше, Иран БҰҰ әзірлеген келісім жобасын техникалық комитеттің зерттеуін қалайды. Келісім жобасына сәйкес, Теһран ядролық отын жасау үшін өзіндегі уран қорын Ресейге тасымалдауы тиіс. Бұл өз кезегінде Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігін шектейді деп көзделіп отыр.

Малайзия астанасы Куала Лумпурға барған Моттаки сондай-ақ Иран өзінің атом электр станциялары үшін уран байытуын жалғастыруға ниеттеніп отыр деп атап көрсетті. Моттакидің айтуынша, Теһран техникалық комиссия құру жөніндегі өтінішін атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке тапсырған.
XS
SM
MD
LG