Accessibility links

Дүниежүзілік банк: Ресей экономикасы 2009 жылы 9 пайызға қысқарады


Дүниежүзілік банктің хабарына қарағанда, 2009 жылы мұнай бағасының қатты өскеніне қарамастан, Ресей экономикасы 8,7 пайызға әлсірейді. Осыған дейін ол 7,9 процент шамасында болады деп болжанған еді.

Ресйеге қатысты экономикалық есебін жариялаған Дүниежүзілік банктің болжауынша, 2010 жылы экономикалық өсім 3,2 пайызды құрайды.

Бірақ Ресейдің экспортқа шықпайтын көп бөлігінде әлсіз тұтынушылар мен несие алу мүмкіндігі шектеулі болып, тұрақсыздық қалыптасып отырғандықтан, келешекті болжау қиын болып отыр.
XS
SM
MD
LG