Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдан 12 бейбіт тұрғын қаза тапты


Франция әскерилерінің айтуынша, Кабулдың солтүстік шығысындағы базар аймағына екі бірдей зымыран тасталып, кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 20 кісі жарақат алды.

Тагаб қаласындағы шабуыл жергілікті тайпа жетекшілерімен кездесіп жатқан франциялық генерал Марсель Друартты нысанаға алған болуы мүмкін.

Бұл шабуылдан әскерилер арасында шығын болған жоқ. Жексенбі күні жүздеген франциялық және ауғандық күштер Тагаб жазығында әскери операция бастаған болатын.
XS
SM
MD
LG