Accessibility links

Жексенбіде Баку мен Ереван шешуші келіссөз өткізеді


Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев Таулы Қарабақ жанжалы бойынша жексенбі күні Армениямен арада өтетін келіссөзді «шешуші кездесу» деп есептейді.
Жұма күні мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде И.Әлиев екі жақты келіссөзде бұл кездесудің шешуші рөл ойнауға тиіс екенін шегелеп тұрып айтты.
Сонымен қатар әзірбайжан президенті келіссөз ешқандай нәтиже бермеген жағдайда Әзірбайжанның әскери күш қолдану құқын сақтайтынын атап көрсетті. «Егер кездесу нәтиже бермесе, ал біздің келіссөзге артқан үмітіміз ақталмаса, онда біздің одан басқа жолымыз қалмайды», - деп мәлімдеді И.Әлиев.
XS
SM
MD
LG