Accessibility links

Үлкен адрондық коллайдер тағы іске қосылды


14 айға созылған үзілістен кейін Үлкен адрондық коллайдер қайта іске қосылды. Жұма күні кешкісін Швейцария мен Франция шекарасындағы терең жер астына орналасқан 27 шақырымдық алып сақина бойымен протондардың алғашқы тобы жіберілді.
Үлкен адрондық коллайдерді - ең кіші бөлшектердің сәуле жылдамдығына мейлінше жақын жылдамдықпен өзара қақтығысуынан қандай әсер болатынын анықтау үшін ядролық зерттеулердің Еуропалық ұйымы жасап шығарды.
Ғалымдар бұл сынақ бүкіл дүниенің қалай пайда болуына қатысты бірқатар маңызды мәселені анықтауға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Алғаш рет коллайдер 2007 жылы іске қосылып, көп ұзамай ақаулық шығып тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG