Accessibility links

Ресей патриархы ешкімге кінә тақпауға шақырды


Ресейдің православие шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл православиелік дін қайраткерін атып өлтірген қылмысты белгілі топқа тағуға болмайтынын ескертті.
Өткен бейсенбі күні түнде бетіне маска киген қарақшы орыс священнигі Даниил Сысоевты Мәскеудегі шіркеудің жанында атып кетті. Оның көмекшісі жараланды.
Д.Сысоев – исламға қарсы көзқарасымен кең танылды. Ол мұсылмандарды христианға айналдыруға шақырған үндеуі үшін өзіне өлтіремін деп қоқан-лоқылық жасалғанын мәлімдеді.
Ресей мүфтилері кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин оны өлтірген қылмысқа наразылық білдірді. Ресей халқының 20 миллионын мұсылмандар құрайды.
XS
SM
MD
LG