Accessibility links

Қазақстан ЕҚЫҰ-на төраға болмас бұрын реформалар жасауы керек


АҚШ-та орналасқан адам құқын қорғаушы топ халықаралық қауымдастық алдағы жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалықты алмас бұрын бұл елдегі адам құқын қорғау жағдайына реформа жасауын Астанадан талап етуі керек деген.

Human Rights Watch ұйымның сәрсенбі күні жарияланған есебі желтоқсанның 1-і мен 2-сі аралығында Афиныда өтетін ЕҚЫҰ кездесуі қарсаңында жарық көріп отыр.

Ол кездесу Қазақстан 2010 жылға ЕҚЫҰ-на төрағалықты алар алдындағы соңғы жиын болып отыр.

Қазақстанда еркін ақпараттың жетіспеуі, адам құқын қорғаушыларды түрмеге жабу жағдайларын сынаған Human Rights Watch Қазақстан ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары талаптарына жауап бермей отыр деген.
XS
SM
MD
LG