Accessibility links

Обама мен Карзай телефон арқылы сөйлесті


Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен АҚШ президенті Барак Обама телефон арқылы Құрама Штаттардың Ауғанстан бойынша жаңа стратегиясын талқылады.

Карзай үкіметінің өкілі олардың әңгімесі бір сағатқа созылғанын айтуда. Екі президенттің телефонмен байланысы Обама сейсенбі күні ауған стратегиясын жариялайды деген тұста болып отыр.

АҚШ президенті ол жоспарын Вест Пойнттағы әскери академияда жариялайды. Хабарларға қарағанда, президент Обама Ауғанстанға 30 мыңдай жасақ жіберетіні айтылуда.
XS
SM
MD
LG