Accessibility links

Иран билігі интернет байланысын шектеді


Иран билігі дүйсенбі күнгі үкіметке қарсы наразылық шаралары алдында интернет байланысына шектеу қоя бастаған. Мұны растаған Теһран тұрғындары жексенбі күні электронды пошталарының ашылмай жатқандығын және оппозициялық вебсайттарға тосқауыл жасалып жатқандығын хабарлады.

Сонымен қатар Иран билігі шетелдік журналистерге жоспарланған наразылық акциялары туралы хабар таратуына тыйым салып отыр. Иран халқы 7 желтоқсанда шеру өткізуді дәстүрге айналдыған.
XS
SM
MD
LG