Қазақстан бас прокуратурасы "Қазатомпром" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке қатысты қылмыстық істі ашық сотта қарауға шақырды. Бұл туралы бүгін Астанада бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі. Бұл қылмыстық істің материалдары сотқа тапсырылды деп хабарланып отыр.
"Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекет мүлкін талан-таражға салды» деген күдікпен биылғы мамыр айында тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалған.