АҚШ президенті Барак Обама Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығымен марапаттауға тұрарлық басқа да адамдардың бар екеніне күмән жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бейсенбі күні Норвегия астанасы Ослода Нобель сыйлығымен марапатталуы рәсімінің алдында хабарлады.
Қазан айында Норвегияның Нобель комитеті Обаманы халықаралық дипломатия мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапаттаған болатын.