Accessibility links

Ингушетия соты Магомед Евлоевтің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарады


Ингушетиядағы Қарабұлақ соты бүгін «Ингушетия.ру» оппозициялық сайтының қожайыны Магомед Евлоевтің өліміне қатысты үкім шығарады.

Бұл істі сот екінші мәрте қарап отыр. Бұған дейін жәбірленуші жақтың наразылығымен Назрань аудандық соты өз үкімінен бас тартқан болатын.

Прокуратура осы іс бойынша бір айыпталушыны – Ингушетия ІІМ бастығының бұрынғы қорғаушысы Ибрагим Евлоевті – байқаусызда кісі өлтіріп алған деген айыппен екі жылға соттауды талап етіп отыр.

Магомед Евлоев 2008 жылы 31 тамызда милиция мәшинесімен сұрауға бара жатқан сәтінде, куәгерлердің айтуы бойынша, байқаусызда желкесінен атылған оқтан өлген.

Туған-туыстары болса қылмыс әдейі ұйымдастырылған дегеннен танбай отыр.
XS
SM
MD
LG