Accessibility links

Қазақстан тағы да қару-жарақ жанжалына тап болды


Жексенбі күні Таиланд үкіметі Бангкокта ұсталған Солтүстік Кореяның қару-жарағы тиілген жүк ұшағының ұшқыштарына – төртеуі Қазақстан, бірі Беларусь азаматтарына ресми түрде айып тағуға тиіс.

Тай үкіметі мәлімдегендей, қазір барлау қызметі тиілген қару-жарақтың террористік іс-әрекетке қатысы бар-жоғын тексеру үстінде.

Хабарға қарағанда, Грузияда тіркелген «Ил-76» жүк ұшағына 30 тоннаға жуық қару-жарақ, оның ішінде зымырандар мен гранататқыштардың реактивті оқ-дәрілері тиілген көрінеді.

Әзірше ұшақтың қайда ұшып шыққаны белгісіз. Әуе кемесі Пхеньяннан ұшып шығып, Бангкокта жанармай құйып алған соң тағы да жанармай құю үшін Шри-Ланкаға аялдауға тиіс болған.
XS
SM
MD
LG