Тынық мұхитындағы өте кіші арал Науру елі Ресейдің қолдауындағы Грузияның жікшіл аймағы Абхазияны тәуелсіз ел ретінде мойындады.
Грузияның екі жікшіл аймағы Абхазия мен Оңтүстік Осетия өткен жылдың тамызындағы Ресей мен Грузияның қақтығысынан кейін Грузиядан тәуелсіздіктерін жариялаған болатын.
Қазірге дейін бұл елдерді Никарагуа мен Венесуэла ғана мойындады. Ресейдің РИА новости ақпарат агенттігі Наурудың сыртқы істер министрінің “жақын күндері біз Оңтүстік Осетияның да тәуелсіздігін мойындаймыз” деп айтқанын хабарлады.
Тынық мұхитының батысындағы 15 мың ғана халқы бар Науру елі 1999 жылдан бері БҰҰ-на әлемдегі ең кішкентай тәуелсіз мемлекет ретінде қосылған.
Ресейлік “Коммерсант” басылымы кішкентай аралға қаржылай көмек беруге уәде еткен Ресей Науруды Грузияның жікшіл аймақтарын мойындауға көндірді деп жазды.