Accessibility links

БҰҰ-ның конференциясы климатқа қатысты қарар қабылдады


Копенгагендегі климаттың өзгеруіне қатысты келіссөздердің қортындысы бойынша жасалған ғаламдық жылынуға қарсы күрес келісімі бірқатар елдердің қарсылығына қарамастан, ресми түрде қабылданды.

Ол келісім АҚШ, Қытай, Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африка елдерінің бастамасымен жасалған. Келісімге жетекшілік еткен АҚШ президенті Барак Обама қол жеткен жетістік ретінде бағалады:

“Бүгін біз Копенгагенде өте маңызды әрі бұрын соңды болмаған серпін жасадық. Тарихта бірінші рет экономикасы дамыған алып елдер бірігіп, климаттың өзгеруінен төнген қауіп-қатерге қарсы әрекет жасау үшін жауапкершілік алды,”- деді Обама.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл келісімді оң қабылдайтынын айта келе, бірақ бұл әрбір адам үміттенгендей бола қойған жоқ деп білетінін айтты.

Ал Боливия, Венесуэла, Судан сияқты бірнеше ел ауа-райының өзгеруіне әкелген ғаламдық жылынуға қатысты келісімді сынап, оны алып елдер арасында әділетсіз жасалған әлсіз келісім деп атады.

193 елдің жетекшісі қатысқан келіссөздердің ақырғы шешімі келісімді қолдайтындар мен қарсылардың тізімін салыстыру арқылы жасалады.
XS
SM
MD
LG