Accessibility links

Ливан жетекшісі Дамаскіде келіссөздер өткізді


Ливан премьер-министрі Саад Харири Сирия астанасында президент Башар әл Ассадпен келіссөздер өткізді. Олар екі елдің арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге тырысты.

Сирия президентінің өкілі мәлімдегендей, президент Ассад пен Ливан үкімет басшысы Хариридің келіссөздері шынайы, 5 жыл бұрынғы кикілжіңдерді артқа тастаған кездесу болды.

Харири Дамаскіге сапарының алдында өзінің сапары екі елдің арасында шын әрі ашық байланыс орнатуға арналады деп айтқан.

Хариридің ресми сапары 2005 жылы үкімет жетекшісі болған өзінің әкесі Рафик Харириге қастандық жасалып, оған Сирияның қатысы бар деген айыптаулардан кейін болып отыр.
XS
SM
MD
LG