Accessibility links

Қытайда әйгілі диссиденттің соты басталады


Қытайда әйгілі диссидент Лю Сяобо бүгін сот алдында жауап береді. Ол Қытайдағы социалистік жүйені құлату үшін арандатушылық жүргізген деген күдікпен биыл маусым айында ұсталған болатын.

1989 жылы Тяньаньмэнь алаңында студенттердің наразылық шерулеріне қатысушы Лю ғалым және үкіметтің белсенді сыншысы ретінде танымал.

Бұған дейін Лю адам құқығын қорғаушылардың демократия мен азаматтық қоғамның сақталуын Қытай билігінен талап еткен мәлімдемесі - «Хартия 08» жарыққа шығардан бір күн бұрын, 2008 жылы желтоқсанда ұсталып, үй қамауына жабылған еді. Еуропалық одақ және АҚШ қытай билігінен диссидентті босатуын талап етті.
XS
SM
MD
LG