Accessibility links

Прокуратура Қытайға жер сатылады деген мәліметтің қайдан шыққанын тексермек


Қазақстанның Бас прокуратурасы арандатушылық, ұлт араздығын қоздыру және Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін бірқатар фактілерді анықтағандығын, соған қатысты материалдарды сараптама жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жолдағандығын хабарлады.

Прокуратураның сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде соңғы уақыттары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестіктердің жекелеген өкілдері Қытайға экспортқа шығарылатын ауылшаруашылық өнімдерін өсіретін жер бөлуге қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтер таратумен айналысты деп көрсетілген.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы айдың басында Астанада шетелдік инвесторлармен кездескенде Қытай соя және рапс және егу үшін жалға жер сұрап отырандығын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG