Қытай Иранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеу үшін Теһранмен әлі де келіссөздер жүргізу керек деген ұсыныс жасап отыр. Бұндай мәлімдемені Қытайдың Сыртқы істер министрлігі жасады.
Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон АҚШ Иранмен диалог жүргізу жағында деп айта келіп, дегенмен де АҚШ-тың өз әріптестерімен Теһранға салынатын санкцияларды қатаңдату мәселесін қарастырып жатқанын да атап көрсеткен болатын.
Иран 2009 жылдың аяғына дейін өз уранының көп бөлігін шетелде байыту жөніндегі Батыс елдерінің шарттарымен келіспей, есесіне өз ультиматумын алға тартқан болатын.