Ресей мен Беларусь арасындағы мұнай дауына байланысты екі күнге созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Екі елдің арасындағы даулы мәселе қыстың күні Еуропа Одағына жеткізілетін мұнай тасымалына байланысты болып отыр.
Ресей осы айда мұнай бағасына байланысты келісім жасалмаған соң, Беларустің мұнай өңдеу зауытына мұнай беруді тоқтатқан. Беларусь ресмилерінің айтуынша, Мәскеуде жабық есік жағдайында өткен келіссөздер тұралап қалып, Беларусь делегациясы Минскіге қайтып кеткен. Бірақ Ресейдің Энергетика министрлігінің өкілі тараптар келісімге келуге жақын қалды деген.
Бұл жерде жанжал Ресей өзінің Еуропаға жөнелтетін мұнайын Беларусь елі экспорттағанда қанша салық төлеуі тиіс деген мәселеден туындады. Өйткені, Беларусь батыстық тұтынушыларға бағытталған Ресей мұнайын қайта өңдеу арқылы пайда тауып келген.