Accessibility links

Баку соты блогшылардың ісін қарауды 22 қаңтарға қалдырды


Бүгін Баку соты екі блогшының апелляциялық шағымын қарауды 22-ші қаңтарға қалдырды. Өткен жылдың қарашасында бұзақылық жасады деген айыппен 2-2,5 жылға сотталған блогшылар Аднан Хасизаде мен Емин Милидің ісінде саяси астар бар дейді олардың қолдаушылары.

Жұма күнгі тыңдауларға жәбірленушілер Бабак Хусейнов пен Вузал Маммадов келмеген соң, түрмеге жабылған блогшылар олардың келуін талап етіп, соттан тыңдауларды қаңтардың 22-не белгілеуге шақырды.

Халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар мен Еуропалық парламент Әзірбайжан билігін блогшыларды босатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG