Accessibility links

Иранда астаналық университеттің профессоры өлтірілді


Иран астанасында тіркелген жарылыстан Теһран университетінің профессоры қаза болды. Ағылшын тілінде таралатын жергілікті Press-TV арнасының хабарлауынша, Массуд Мохаммади өзінің үйінде жарылғыш орнатылған мотоциклдің жарылуынан қаза болған. Төтенше оқиғаның басқа да жайттары хабарланбады.

Соңғы уақыттары Иранда тәртіпсіздіктер мен толқулар жиі болып тұрады. Батыс ақпарат көздері бұл жағдайды 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі елеулі бас көтерулер ретінде сипаттайды. Наразылық акциялары өткен жылы маусым айында Махмұд Ахмадинежад екінші мерзімге президент болып сайланғаннан кейін басталды. Оппозиция сайлауда заң бұзушылықтар болды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG