Accessibility links

Урузгандағы шабуылдан қаза болғандардың саны өсті


Ресмилердің айтуынша, Ауғанстанның Урузган өлкесінде бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 20 адамды өлтірді. Бейсенбі күні Дихрауд қаласының базарында болған бұл жарылыстан кемінде 10 адам жарақат алды деп хабарланып отыр.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Урузгандағы жанкештілік шабуылды айыптады.

Сонымен қатар НАТО Хелманд провинциясында бір жанкешті полиция қызметкерін өлтіріп, бес адамды жаралады деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG