Accessibility links

Украинада президент сайлауындағы дауыстар саналып болды


Украинада 12 қаңтарда өткен президент сайлауының барлық бюллетендері саналып бітті. Сайлаудың алдын ала шығарылған нәтижесі бойынша, Аймақтар партиясының басшысы Виктор Янокович 35 пайыздан астам, Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко 25 пайыз дауыс жинады. Бұл екеуі сайлаудың 7 ақпанға белгіленген екінші турына шықты.

Кәсіпкер, Украина ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Сергей Тигипко үшінші орын алды, оған сайлаушылардың 13 пайыздан астамы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми нәтижелерін 27 қаңтарға дейін жариялауы тиіс. Мемлекет басшысы қызметіне 18 үміткер таласқан болатын.
XS
SM
MD
LG