Accessibility links

Ирақ президенті сайлауға қатысты тыйымды зерттеуді бұйырды


Ирақ президентінің мәлімдеуінше, Саддам Хуссейн режимімен байланысы бар деп күдіктелген үміткерлердің 7 наурыздағы парламент сайлауына түсуіне тыйым салу шешімінің заңдылығын жоғары дәрежелі комиссия тексеретін болады. Жалал Талабанидің айтуынша, президенттік сарапшылар тобы 511 үміткерге тыйым салған комитет шешімінің қаншалықты заңға сәйкес екендігін зерттемек.

Талабанидің өзі бұл тыйымды қолдамайтынын айтты. Бұл туралы ол бейсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG