Accessibility links

Түркия Әл-Қаидаға қарсы операция жүргізді


Түркия полициясы бүкіл ел бойынша Әл-Қаида желісіне қарсы бүгін рейд жүргізді. Жартылай ресми "Анатолия" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, рейдтер Түркияның 16 өлкесінде орын алған. Жекеменшік NTV телеарнасының мәліметінше, 14 провинцияда кемінде 120 адам тұтқындалған.

Осы аптаның басында да осыған ұқсас операция ұйымдастырылған болатын. 2003 жылы Әл-Қаидамен байланысы бар исламшыл бүлікшілер Стамбулда жанкештілік жарылыстарды жүзеге асырып, шамамен 60 адамды өлтірген-ді.
XS
SM
MD
LG