Accessibility links

Ресей Иранға санкция салуға асықпау керек дейді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров әлемнің ықпалды елдерінің жетекшілерін Иранның ядролық бағдарламасына қарсы БҰҰ-ның жаңа санкцияларын қабылдауда асығыстық жасамауға шақырды.

Лавровтың айтуынша, Мәскеу Ираннан құрылымдық әрекет көргісі келеді. Және ол Теһранның өз уранын байыту үшін Франция немесе Ресейге жіберсін деген МАГАТЭ ұсынысынан бас тартуына Ресей өкініш білдіргенін айтты.

Таяуда Батыс елдерінің Иранға қарсы санкция салуды қарастырған келіссөздері Қытайдың қарсылығынан нәтижесіз аяқталған.
XS
SM
MD
LG