Accessibility links

Ауғанстанның парламенттік сайлауы кейінге шегерілді


Ауғанстандағы парламенттік сайлаулар 22-ші мамырдан 18-ші қыркүйекке ауыстырылды. Бұл шешімді қабылдаған елдің Сайлау комиссиясы сайлауды кейінге шегеруге қаржы тапшылығы да себеп болып отыр деген.

Сайлау комиссиясының мүшесі Фазал Ахмад Манави Кабулда өткен баспасөз мәслихатында, мұндай шешім тағы да қауіпсіздік мәселесінің реттелмеуі мен техникалық тұрғыдан қамтамасыз етудегі проблемаларға байланысты қабылданды деді.

Ауғанстанның Батыстағы одақтастары бұл жағдайда ауған үкіметі сайлау заңын реформалап үлгерер деген үмітпен елдегі сайлау мерзімінің кейінге ауыстырылғанын қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG