Accessibility links

Ресейдің жаңа елшісі Украинаға барды


Ресейдің Украинадағы жаңа елшісі Киевке барды. Бұл әрекет екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қалпына келе бастағанын білдіреді. Ресей президенті Дмитрий Медведев осыдан 5 ай бұрын, яғни 2009 жылдың тамыз айында Михаил Зурабовты елші етіп тағайындаған болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін Украина билігіне жолдаған ашық хатында Медведев батысшыл президент Виктор Ющенконы Ресейге қарсы саясат жүргізуде деп айыптап, Киевке жаңа елшіні жіберу туралы шешімін кейінге қалдыратынын мәлімдеді.

Ресей ресмилері Украинамен арадағы қарым-қатынастар келесі айда жаңа президенттің сайлануынан кейін жақсарады деп үміттенетіндерін айтты. Ақпанның 7-де президент сайлауының екінші кезеңіне түсетін үміткерлер - оппозициялық жетекші Виктор Янукович пен премьер-министр Юлия Тимошенконың екеуі де Ресеймен қатынастарды дамытуға уәде етті.
XS
SM
MD
LG