Accessibility links

Ауғанстан, Пәкістан және Түркия басшылары кездесті


Ауғанстан, Пәкістан және Түркия басшылары дүйсенбі күні Стамбулда кездесті. Абдулла Гюль, Хамид Карзай және Асиф Әли Зардари аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнату үшін терроризммен күрес мәселелерін талқылады. Түркия ауған ұлттық әскері мен полициясын оқыту іс-шарасына қатысуға, сондай-ақ бірқатар білім жобаларына қосылуға уәде берді.

Келіссөздер барысында Түркия мен Пәкістан арасында көлік қатынасын дамыту және Пәкістанның әскери-әуе күштеріне қару-жарақ жеткізіп отыру мәселелері талқыланды.
XS
SM
MD
LG