Accessibility links

Аустралия Ауғанстанда өз азаматына өлім жазасы берілгеніне қарсы шықты


Аустралия үкіметі Ауғанстанда өз азаматына қатысты өлім жазасын болдырмау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатындарын мәлімдеді.

Аустралия әскерінің бұрынғы солдаты Роберт Уильям Ленгдон өткен аптада Кабул сотында ауған күзет қызметінің cақшысын өлтіргендігі үшін өлім жазасына кесілген болатын. Өткен жылдың мамыр айында ол өзінің ауғандық әріптесін атып өлтірген.

Аустралиялық ақпарат құралдары таратқан мәліметтерге қарағанда, 38 жасар Ленгдон талибандар торуылына түскен жүк көлігінің қауіпсіздігі үшін ол ауғандықпен дауласып қалған. Ол аустралиялық күзет пен тауар тасымалдаумен айналысатын американдық жекеменшік компанияда жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG