Қазақстан құрмасы италияндық Коллальбо де Пинеде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында екі алтын және екі қола медаль жеңіп алды.
500 метрлік қашықтықта өз қарсыластарын 2-3 секундқа басып озып, 39,35 секундта мәре сызығын кесіп өткен Екатерина Аидова алтыннан алқа тақты. Екінші орын италияндық Ивон Далдоссиға, үшінші орын голландиялық Роза Патерге бұйырды.
1000 метрлік қашықтықта да 1 минут 20,09 секундта мәре сызығын кесіп өткен Екатерина Аидоваға жеткен ешкім болмады. Сөйтіп Қазақстан құрамасы екі алтын медальді қанжығасына байлады.
Әлем кубогында ерлер арасында 19 жасар Алексей Бондарчук екі бірдей қола медель алып ерекше көзге түсті. Жарыстың алғашқы күні 500 метр қашықтықты 37,2 секундта өткен Алексей, екінші күні 1000 метрлік қашықтықта да 1 минут 12,72 секунд көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.