Accessibility links

Есіргеповті шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат берілмеген


«Алма-Ата ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуға рұқсат ала алмай отыр. Бұл туралы журналистің әйелі Раушан Есіргепованың БАҚ-на таратқан мәлімдемесінде айтылады.

Қаңтардың 12 күні Тараз қаласында Есіргепов мерзімін өтеп жатқан УЖД 158/2 түрмесінде комиссия отырысы өтті. Рамазанның қатысуымен болған отырыста түрмеде оның заң бұзушылықтарға бармағаны, әкімшілік тарапынан ескертулер алмағаны айтылып, жазасын өтеушінің мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға құжаттарын тапсыру туралы шешім қабылданған болатын.

"Алайда колония қызметкерлерінің бірінен естуімше, сенбі, қаңтардың 23 күні дәл сол комиссия құрамы жедел түрде қайта жиналып, керісінше, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат бермеу туралы шешім шығарған", - дейді Р.Есергепова.

Журналистің әйелі бұл колония әкімшілігіне «жоғары» жақтан берілген нұсқау екендігін айтады. Оның бір айқын көрінісі ретінде Есіргепова "қаңтардың 26-сы күні тағы да бір комиссия бас қосып, Есіргеповті қоныстандыру колониясына ауыстыруға рұқсат бермегендігін" де атап өтті.
XS
SM
MD
LG