Accessibility links

Жолдау: 1 сәуірде бюджеттегілердің жалақысы 25 пайызға өседі


«Осы жылы 1 сәуірден бастап бюджет саласында істейтін жұмысшылардың жалақысы 25 пайызға көтеріледі, сондай-ақ стипендия өседі» деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Жұма күні Астанада парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында халыққа жолдауымен таныстырған Назарбаев өткен жылғы экономикалық өсімнің жақсы болуы бюджеттегілердің айлығын үш ай бұрын өсіруге мүмкіндік береді деп хабарлады.

Бұған дейін бюджет саласындағылардың жалақысы 2010 жылы 1 шілдеде көтеріледі деп жоспарланған еді.
XS
SM
MD
LG