Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, көршілес Тайвань еліне АҚШ-тың 6,4 млд доллар қару-жарақ сатпақ жоспарына байланысты Бейжің өз әскерилерін Құрама Штаттарға жібермей, қауіпсіздік келіссөздерін тоқтатып тастады. Қытай сонымен қатар бұл келісімдерге қатысы бар АҚШ компанияларына санкция салу мүмкіндігін айтты.
Осыған дейін Обама әкімшілігі Конгреске Тайвань еліне бірінші рет қару сату жоспарын айтқан. Ол келісім бойынша “Қара қыран” деп аталатын 60 тікұшақ, 100-ден аса “Патриот” зымыран жиынтығы сатылмақшы.
Қытай Тайванды өзінің жікшіл аймағы деп есептейді. Сол себепті Вашингтонның әрекетіне наразылық танытты. АҚШ департаменті бүгін Қытайдың бұл айыптауына қару келісімі Тайвань бұғазының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдау үшін жасалды деді.