Accessibility links

АҚШ пен Ресей стратегиялық шабуыл қаруларын шектеуді талқылайды


Женевада стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу жөніндегі жаңа келісім-шарт бойынша Ресей-АҚШ келіссөздері қайта жалғасады.

Өткен аптада Ресей президенті Дмитрий Медведев жаңа келісімді талқылау барысына жақсы баға берді және құжат ережелерінің «95 пайызы келісілді» деп хабарлады. Алайда, бірқатар ресейлік сарапшылардың пікірінше, келісім-шарттың қабылдануына АҚШ-тың Еуропада зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастыру жоспары кедергі болуы мүмкін.

Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы бұған дейінгі келісім-шартың мерзімі осы жылы желтоқсанда аяқталады.
XS
SM
MD
LG