Accessibility links

Иран Хомейнидің елге оралуының 31 жылдығын атап өтуде


Иран Аятолла Рухолла Хомейнидің елге оралуының 31 жылдығын атап өтуде. Ислам республикасының негізін қалаған Хомейни 14 жыл қуғында болып 1979 жылдың 1 ақпанында Иранға оралған болатын. Оны миллиондаған адам қарсы алған-ды. Иран АҚШ қолдауындағы шахты биліктен құлатқан Ислам төңкерісін жыл сайын атап өтеді.

Қазір Иранда саяси жағдайдың шиеленісе түскендігі белгілі. Өткен жылдың 12 маусымында президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланды. Оппозицияның айтуынша, сайлау бұрмаланған. Осылайша Иранда Ислам төңкерісінен кейінгі ең нашар саяси дағдарыс тіркеліп отыр.
XS
SM
MD
LG