Accessibility links

Оппозиция Лукашенконың интернетті бақылау туралы қаулысын сынады


Журналистер мен оппозициялық тұлғалар Беларусь президенті Александр Лукашенконың интернетті бақылау әрекетін сынап отыр.

Дүйсенбі күні Лукашенко интернетке бақылау орнату туралы қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, осы жылдың шілде айынан бастап интернет провайдерлерінен пайдаланушылардың интернетпен байланыс орнатқан жабдықтарын анықтап, бүкіл мәліметтерді сақтау талап етілетін болады. Жаңа заң сондай-ақ интернет провайдерлерін қажет болған жағдайда бір тәулік ішінде азаматтардың вебсайттарға кіру мүмкіндігін тоқтатуға міндеттейді.

Беларусь журналистерінің бірлестігі төрағасының орынбасары Андрей Бастунец бұл қадамды "ақпаратты толық бақылау" деп атады. Бұл елде тәуелсіз басылымдардың басым бөлігі жабылған, мемлекетте тәуелсіз телеарналар мен радио станциялар жоқ. Интернет елдегі тәуелсіз ақпараттың соңғы бұлағы болатын.
XS
SM
MD
LG