Accessibility links

Қаржы полициясы: вице-министр Сабдалиннің ісі сотқа берілді


Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Абылай Сабдалинге қатысты қылмыстық іс материялдары сотқа берілді деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкілі.

Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, қылмыстық іс материалдары Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына жолданды. «Оған 45 мың доллар көлемінде пара ұйымдастырды және екі телескопиялық аппарат алуға қатысты мемлекеттік тапсырыс кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды, сол арқылы мемлекетке 310 млн теңге нұқсан келтірді деген айып тағылып отыр».

Бұған дейін Сабдалин қаржы полициясына ірі көлемде пара беруді ұйымдастыру күдігімен ұсталды деп хабарланған болатын.
XS
SM
MD
LG