Accessibility links

АҚШ унивеситетіндегі атыстан 3 адам қаза болды


Алабама штатындағы университетте атыс болып, үш адам қаза болды, тағы үшеуі жараланды. Дәрігерлердің айтуынша, жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр.

Қайғылы оқиға Ханствилл қаласындағы оқу корпусында биология пәнінің мұғалімдері жиын өткізіп жатқанда орын алған.

Полиция әзірге шабуылдаушының кім екенін айтудан бас тартқан. Бірақ жергілікті ақпарат құралдары оқтақан биология факультетінің мұғалімі болған әйел екенін жазуда.

Осыдан бір апта бұрын Ханствилл қаласындағы мектепте бір бала оқ атып, 14 жасар бозбаланы өлтірген.
XS
SM
MD
LG