Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығындағы бағдарламасын, оның ішінде Таулы Қарабах жанжалын реттеуге қатысты әрекеттерін Армения қолдайды. Бұл туралы сыртқы істер министрі Эдвард Налбандиян сейсенбі күні Ереванда ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен өткізген бірлескен баспасөз маслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Армения мен Әзірбайжан аталмыш дауды реттеуге қатысты өз ұсыныстарын әзірлеуде.
Саудабаев өз кезегінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы барысында басты мақсаттарының бірі ұзаққа созылған қақтығыстар мәселесін шешу боп табылады деп қайталап айтты. Саудабаевтың мәлімдеуінше, армян жағымен ашық пікіралысулар болған.