Құрама Штаттарда сапармен жүрген тибеттіктердің рухани жетекшісі Далай-Лама Қытайдағы цензура Бейжіңдегі коммунистік үкімет пен тибеттіктер арасындағы көптеген проблеманың бастауы болып отыр деді.
Reuters агенттігіне берген сұхбатында Далай-Лама Қытай азаматтарының тибеттіктердің ұстанымын түсінетіндей мүмкіндігі жоқ, өйткені Қытай билігі еркін ақпарат алуға жол бермей отыр деді.
Тибеттің қуғындағы рухани жетекшісінің айтуынша, Қытайда ашық қоғам құрып, еркін ақпарат алу жағдайын жасаса, тибеттіктер ұмтылысына байланысты біраз қауіптің алдын алуға болатын еді.
Таяу күндері Далай-Лама Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Оған Бейжің қатты наразылық танытты.