Accessibility links

Ауғанстандағы коалиция шабуылы бір жарым жылға созылуы мүмкін


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясының Марджа қаласындағы шайқастар – коалиция күштерінің жаңа әскери науқанының алғашқы кезеңі ғана болып есептеледі.

Американдық NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ қарулы күштері орталық қолбасшылығының басшысы генерал Дэвид Петреус әскери науқан бір немесе бір жарым жылға созылады және ол Ауғанстандағы американдық стратегияның жаңа бөлігі деп мәлімдеді.

Жексенбі күні бұл елдің оңтүстігінде НАТО басшылығындағы халықаралық күштердің тағы бір жауынгері қаза болды.

Гильмендтегі операциялар 13 ақпанда басталғалы бері коалиция күштері 25 сарбазынан айрылды.
XS
SM
MD
LG