Accessibility links

Иран ұсталған сүннит жетекшісін қолдайды деп Батысты айыптады


Иран өздерінде қарулы сүннит тобының жетекшісін АҚШ пен бірқатар еуропалық елдер қолдап келгені жайлы нақты дәлел-айғақтар бар екенін айтып отыр.

Иранның қауіпсіздік күштері Пәкістанда тығылып жүр деген оппозициялық қарулы сүнниттер тобының жетекшісі Абдулмалик Ригиді қолға түсірген болатын. Иранның барлау министрі Хейдар Мослехидің сөзіне қарағанда, көтерілісшіл Жундалла тобының жетекшісі Риги ұсталардан бұрын АҚШ базасында ұзақ уақыт болған және кейбір еуропалық елдерге сапармен барған.

Иран билігін сүннит мұсылмандарын шектейді деп айыптайтын Жундалла тобы Иранның оңтүстік-шығысында бірнеше адамның өмірін қиған шабуылдарға жауапкершілік алған. Иран бұл сүннит мұсылмандарының қарулы тобының террорлық әл-Қаида ұйымымен байланысы бар деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG