Accessibility links

Пәкістанда жікшілдік қақтығыстан 7 адам қаза болды


Жексенбі күні Пәкістан билігінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы діни шарада орын алған атыстан кейін аймаққа коменданттық сағат енгізілді.

Сенбі күні Дера Исмаил Хан ауданындағы Пахарпур қаласында орын алған діни топтардың қақтығысынан кемінде жеті адам қаза болған. Онда жүздеген адам Мохаммед пайғамбар ғ.с туған күніне арналған шаралар өткізген.

Сүннит мұсылмандарының мерекелік шеруіне оқ атып, бір адам қаза тапқан соң, оған сүнниттердің тағы бір тобы жауап оқ атып, 7 адам қаза болып, 38 кісі жараланған. Қаза болғандардың бәрі сүнниттер деп айтылғанымен, жаралылар арасында шиит мұсылмандары да бар екені айтылды.

Пәкістанның бұл аймағында шиит және сүннит мұсылмандары қақтығысып келген, бірақ сүннит топтары арасында қақтығыс сирек болған.
XS
SM
MD
LG