Accessibility links

Өзбекстанда 200-дей адамға үкіметті құлатпақ болды деген айып тағылуда


Өзбекстандағы адам құқықтарын қорғаушы тәуелсіз топтың мәлімдеуінше, исламшыл деп күдіктелген 200-ге жуық адамға президент Ислам Каримовтың үкіметін құлатпақ болды деген айып тағылып отыр. Аталмыш топтың мүшесі Сурат Икрамовтың айтуынша, соты жабық есік жағдайда өтіп жатқан бұл азаматтар сондай-ақ 2009 жылы ресмилерді өлтірді деп айыпталуда. Өзбекстан билігі бұл хабарға байланысты пікір білдірмеді.

Адам құқықтарын қорғаушы белсенділердің мәліметінше, Өзбекстанда ауторитарлық ел үкіметінің бақылауындағы мешіттерден тыс жерде Құдайға құлшылық ететін мыңдаған мұсылмандар сотталып, түрмеге жабылған.
XS
SM
MD
LG