Accessibility links

Қырғыз шерушілері бұрынғы министрдің түрмеден босатылуын талап етуде


Қырғызстандағы мыңдаған наразылық танытушылар Алай ауданында жиналып, бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың түрмеден босталуын талап етуде деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Исаков қаңтар айында жемқорлықта айыпталып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Исаков өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар екендігін айтып отыр. Бұрынғы қорғаныс министрі 2008 жылдың қазан айында оппозицияға қосылған еді.
XS
SM
MD
LG