Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Израильден Газадағы шектеулерін алып тастауын сұрады


БҰҰ-ның гуминитарлық мәселелер жөніндегі мекеме басшысы Джон Холмс Израильді Газа секторына енгізген экономикалық шектеулерін алыс тастауға шақырды.

Жақында Палестина аумағында сапармен болған Холмс бұл шектеулер Газадағы гуманитарлық жағдайды нашарлатты, бірақ тыйымның сектор аумағын бақылаушы ХАМАС радикалдық тобының іс-әрекетіне ешқандай әсері болмады деп мәлімдеді.

Сонымен бірге БҰҰ-ның өкілі Мысырды жер асты туннелдерін жаппауға жақырды. Бұл жолдар арқылы Газаға түрлі контрабандалық тауарлар келеді. Холмстың пікірінше, туннелдер жабылған жағдайда сектор тұрғындары тамақсыз, дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін.

Газа секторына қару-жарақ осы жолдар арқылы жеткізіледі деп есептейтін Израиль туннелдерді бірнеше мәрте бомбалаған еді.
XS
SM
MD
LG