Accessibility links

Израилдің еврей қоныстарын салуы жаппай айыптауларға негіз болды


Израиль басып алынған шығыс Иерусалимде жаңадан еврей қоныстарын тұрғызуды мақұлдағаны үшін халықаралық айыптауларға тап болды.

Таяу шығыс бейбіт келіссөздерінің төрттігі - Құрама Штаттар, БҰҰ, Ресей және Еуропа Одағы палестиндіктер немесе израилдіктердің мұндай біржақты қадамдары бейбіт келіссөздерді нәтижеге әкелмейді деді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняхуге оның үкіметі бейбіт келіссөздерге қарсы өте кері қадам жасап отыр деді. Израиль сейсенбі күні Иерусалимнің шығысында 1,600 үй тұрғызу мақұлданғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG